Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты •

    Ұлттық құраманы қайта жасақтау: Бақыт Сәрсекбаев үндеу жасады

    Ұлттық құраманы қайта жасақтау: Бақыт Сәрсекбаев үндеу жасады
    Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев желі арқылы үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қазақстанның 22 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының бапкері әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың тарап жатқанына алаңдаушылық білдірді. Атап айтқанда, ол өз атынан жарияланған жалған мәлімдемелерді тоқтатуды талап етті. Бұл жазбаларда Қазақстан құрамасын жасақтау және 70 келіге дейінгі салмақта ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі спортшылары — Төрехан Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов арасындағы бәсекелестік мәселесі қозғалған.

    «Өтініш, тоқтатыңыздар! Менің атымнан жалған ақпарат таратуды доғарыңыздаршы!», — деп жазды Олимпиада чемпионы Instagram парақшасында.

    Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев баптаған жас қазақстандық боксшылар 2025 жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Осы жетістігінен соң Сәрсекбаевты ұлттық құрамаға шақырту керек деген бастамалар көтеріліп жатыр.

    Ақпарат көзі: 1bol.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →