Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Елімізде жер сілкінісі тіркелді

    Елімізде жер сілкінісі тіркелді

    Жер дүмпуі бүгін, яғни жергілікті уақыт бойынша сағат 14:29-да Орталық Қазақстан аумағында болған. Магнитудасы 4.9 балдық жер сілкінісі туралы ТЖМ телеграм арнасы хабарлады, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

    Жерасты дүмпуі Тараз қаласынан 126 шақырым шығыста және Луговой ауылынан 16 шақырым шығыста, 8 шақырым тереңдікте тіркелген. Жер сілкінісі туралы тұрғындар көптеген пікір қалдырса, кейбірі дүмпуді сәл ғана сезгенін жеткізген.

    – ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 8 тамызында Астана уақытымен 14 сағат 30 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде орналасқан, – деп жазды ТЖМ.

    Еске салайық, бұған дейін ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС Сейсмикалық жағдай Жамбыл облысында тіркелгенін хабарлаған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →