Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды

    Алматы өнеркәсібі 5 айда триллион теңгеге жуықтады

    Алматы өнеркәсібі 5 айда триллион теңгеге жуықтады

    Алматыда өнеркәсіп өндірісінің көлемі тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2025 жылы қаңтар-мамыр аралығында өндірілген өнім көлемі 976,2 млрд теңгеге жетті. Бұл жөнінде қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

    Машина жасау саласында ең үлкен өсім байқалған, өндіріс көлемі 36,3% артып, 366,1 млрд теңгеге жетті, оған өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 46,7%-ы тиесілі. Машина жасау құрылымында негізгі үлесті (36,1%) көлік құрастыру саласы иеленіп отыр.

    Өсім өзге де негізгі салаларда тіркелді: басқа бейметалл минералды өнімдер өндірісі 25,6% артып, 47 млрд теңгеге жетті, баспа ісі 27,3% өсіп, 25 млрд теңге болды. Фармацевтика өндірісі 14,2% (11,2 млрд теңге), киім өндірісі 18,8% (3,7 млрд теңге), ағаш бұйымдары өндірісі 35,2% (3,4 млрд теңге) өсті.

    Қазіргі таңда Алматыда 144 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Дені Жетісу, Түрксіб және Алатау аудандарында шоғырланған.

    Алматының Индустриялық аймағы мен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қарқынды дамып келеді. 2025 жылы Индустриялық аймақта жалпы құны 135,4 миллиард теңге болатын 11 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жобалар нәтижесінде 4 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал арнайы экономикалық аймақта 18,5 миллиард теңгенің 6 жобасын іске қосу және 415 жұмыс орнын құру көзделген.

    Бұған қоса, Алматыда бүгінде 1,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған 15 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейді. 2027 жылға дейін жалпы ауданы 194 мың шаршы метр болатын тағы 35 парк салу жоспарланған. Бұл бастама аясында 21,8 миллиард теңге инвестиция тартылып, қосымша 4,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →