Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды Ақтөбедегі апатты жол: Әкімдік халықаралық трассаның сапасын қашан оңдайды? «Адал болғаны үшін жазаланады»: Қайрат Нұртастың жары әйел тағдыры туралы жазды «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды Ақтөбедегі апатты жол: Әкімдік халықаралық трассаның сапасын қашан оңдайды? «Адал болғаны үшін жазаланады»: Қайрат Нұртастың жары әйел тағдыры туралы жазды

    Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

    Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қайрат Садықов қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ақорданың мәліметіне сенсек, мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

    Айта кетейік, генерал-майор Қайрат Садықов 1967 жылы 14 сәуірде ШҚО, Зайсан ауылында дүниеге келген. Орынбор әскери училищесін, Ұлттық қорғаныс университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты.

    Әуе қорғанысы күштерінде түрлі басшылық лауазымдар атқарған. 2023 жылдан бері – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы болды.

    «Айбын» II дәрежелі орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және басқа да марапаттармен наградталған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Отбасылы, балалары бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →