Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Қорқып кеттім»: Шерзат Полаттың мәйітін тексерген Халимназаров шындықты айтты

    «Қорқып кеттім»: Шерзат Полаттың мәйітін тексерген Халимназаров шындықты айтты

    Шерзат Полат пен Нүкенованың мәйітін тексерген тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров өмірде неден қорқатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Ол марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеевпен бірге сұхбат барысында өмірдегі қорқынышын айтты.

    «Өміріңіз мәйітханада өтті, жүрегіңіз бар екен ғой дейді. Мен одан қорықпаймын. Бірақ қорқынышты кинолар мен биіктіктен қорқамын. Үшінші қабаттан жоғары тұратын туысым бар, қонаққа шақырса, бармаймын. Өйткені, білмеймін, сондай бір сезім бар. Балконнан төмен қарағанда жаман болып кетемін. Сол сияқты жер сілкінісінен де қорқамын. Сол күні (ред. – Шерзат Полат сотындағы жер сілкінісі) мені күткендей, мен сөйлеп жатқанда аздап қорқып кеттім», — дейді Тахир Халимназаров.

    Өз кезегінде Мейірман Шекеев сот барысындағы оқиғаға қатысты өз ойын жеткізді.

    «Жұрт мәйіттен қорқып қашып жүрсе, бұл кісі оның ортасында жүреді. Сол күні жер сілкініп жатса да сұрағымды тезірек қойып, жауабымды алу мақсатым болатын. Судьяға айтып қоямын «Бісміллә» деп ары қарай ұра берейік деймін», — деді Мейірман Шекеев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →