Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ауғанстанда жер сілкінді • Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті • «Ешқандай хайп емес»: Танымал блогерлердің шаңырағында не болып жатыр • Гимнасшы Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты • «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ • «Іс сотқа беріледі»: Роза коуч пен белгілі уағызшының арасында дау туды • Ауғанстанда жер сілкінді • Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті • «Ешқандай хайп емес»: Танымал блогерлердің шаңырағында не болып жатыр • Гимнасшы Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты • «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ • «Іс сотқа беріледі»: Роза коуч пен белгілі уағызшының арасында дау туды •

    Шымкентте 18 жүк вагоны аударылып қалған

    Бұл вагондар «Шымкент-Арыс» бағытындағы 2489 жүк поезының құрамында болған, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай бүгін күндізгі сағат 16.37-де орын алған. Аударылған вагондардың 17-сі бос болған. Нәтижесінде әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалып, темір жол төсемінің ішінара зақымданған. Зардап шеккендер жоқ.

    Теміржолда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «ҚТЖ ҰК» АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қалалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы шықты. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы 77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ» делінген хабарламада.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →