Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Түркиядан экстрадицияланған атыраулық хакерге 12 эпизод бойынша айып тағылды

    Түркиядан экстрадицияланған атыраулық хакерге 12 эпизод бойынша айып тағылды

    Фото: ЖИ

    Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланған атыраулық хакерге алаяқтықтың 12 эпизоды бойынша айып тағылды. Бұл туралы Құрылтайда өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Атыраулық хакердің аты Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасының хабар-ошарсыз жоғалуынан кейін көпшілікке белгілі болған. Сол кезде ол жоғалған отбасы мүшелерінің қайда болуы мүмкін екені туралы болжам жасап, кейбір деректерді жариялаған.

    «Қазіргі таңда алаяқтықтың 12 эпизоды бойынша айып тағылды. Қазір іс сотқа дейінгі тергеу сатысында. Тергеуге қатысты өзге ақпаратты жария етуге құқығым жоқ», – деді Санжар Әділов.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →