Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ауғанстанда жер сілкінді • Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті • «Ешқандай хайп емес»: Танымал блогерлердің шаңырағында не болып жатыр • Гимнасшы Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты • «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ • «Іс сотқа беріледі»: Роза коуч пен белгілі уағызшының арасында дау туды • Ауғанстанда жер сілкінді • Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті • «Ешқандай хайп емес»: Танымал блогерлердің шаңырағында не болып жатыр • Гимнасшы Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты • «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ • «Іс сотқа беріледі»: Роза коуч пен белгілі уағызшының арасында дау туды •

    Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті

    Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті

    Фото: Алматы әкімдігі

    2026 жылдың басынан бері «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасы аясында қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлерге 38 мыңнан астам қызмет көрсетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады.

    Жоба қалада 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның негізгі мақсаты – аға буын өкілдерін қолдау, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

    Алматыда «Алтын жас» бағдарламасы да жұмыс істейді. 2026 жылы бағдарлама аясында 157 ұйымға 391 зейнеткер жұмысқа орналастырылды.

    Ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету жұмыстары да жалғасып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ардагерлерге арналған үш жылдық жоба жүзеге асырылып жатыр.

    Әлеуметтік қолдаудың тағы бір бағыты – санаторий-курорттық ем алу. Биыл осы мүмкіндікті ерекше көмекке мұқтаж 472 зейнеткер пайдаланды.

    Басқарма мәліметінше, Алматыда 1 қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күніне арналған айлық өтіп жатыр. Қаланың барлық ауданында мәдени және спорттық іс-шаралар, сондай-ақ жастармен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →