Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері •

    Шерзат ісі бойынша сотталғандардың туыстары Президенттен көмек сұрады

    Шерзат ісі бойынша сотталғандардың туыстары Президенттен көмек сұрады

    Бейнеүндеу Egov.Press телеграм арнасында жарияланған. Онда бір топ адамның 16 жастағы марқұм Шерзат Полаттың отбасы мүшелерінің жазалануын талап еткені анық бейнеленген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сотталғандардың жақындарының айтуынша, марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов та қатаң жазалануы керек. Сол секілді әпкелері де заңбұзушылықтар жасаған. Сондықтан, видеодағылар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған.

    – Шерзат Полат қайтыс болған соң жәбірленуші тарап бірден жүйелі ойластырылған және жоспарланған әрекеттерге барды. Өз мақсатына жету үшін олар түрлі құралдарды, атап айтқанда, әлеуметтік желі, тыйым салынған психологиялық тәсілдерді пайдаланды, тіпті кейде ашық арандатушылыққа да көшті. Бірнеше рет тәртіпсіздікке шақырды, жалған ақпарат таратылды, пышақ ұстаған адам қаһарман болып көрсетілді. Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сол қайғылы оқиға болған түні екі рет пышақпен адамдарға шабуыл жасады, – деген Egov.Press телеграм арнасында жарияланған видеода өзін Бауыржан деп таныстырған ер адам.

    Осылайша, үндеуде сотталғандардың туған-туыстары Президенттен Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жәбірленуші тараптың әрекеттерін толық, нақты және мұқият тексеруге тапсырма беруді сұраған.

    Олар «мұндай әрекет қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты бұзады» деп санайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →