Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды •

    Toyota Ресейдегі зауытын жапты: Қазақстанға келетін Camry мен RAV4 азаяды

    3 наурызға қараған түні Toyota Motor Ресейге Toyota және Lexus автокөліктерін жеткізуді доғарғанын хабарлады. Бұл хабарлама компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.Today сайты Kolesa басылымына сілтеме жасап.

    Сонымен қатар 4 наурызда Camry седаны мен RAV4 кроссоверін шығаратын Санкт-Петербургтегі зауыттың жұмысы тоқтайды.

    Аталған зауытта өндірілген машиналар Қазақстан нарығына жеткізіледі. Былтыр біздің елде 5.6 мың Camry және 3.2 мыңға жуық RAV4 өтті. Бұл — елде сатылған Toyota көліктерінің тең жартысынан астамы.

    Toyota өкілдері аймақтағы логистика желісі бұзылғандықтан шектеу енгізілгенін мәлімдеді.

    Анықтама ретінде: Toyota көліктері Қазақстанға Ресейден бөлек тағы бірнеше елден жеткізіледі. Атап айтқанда, Land Cruiser Prado мен Land Cruiser 300 Жапониядан, Corolla мен C-HR Түркиядан, Hilux Таиландтан, Highlander АҚШ-тан әкелінеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →