Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады

    Қиратылған құрылыс: Алматыда тағы бір заңсыз салынған көлік жуу орны бұзылды

    Қиратылған құрылыс: Алматыда тағы бір заңсыз салынған көлік жуу орны бұзылды

    Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасының хабарлауынша, сот шешімі бойынша Жуков көшесі мен Затаевич көшесінің қиылысындағы №135/17 мекенжайында орналасқан нысан бұзылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз шаруашылық әдіспен көлік жуу орнын салғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    2023 жылы 14 қарашада басқарма нысанды бұзу туралы талап арызды Алматы қаласы Медеу аудандық сотына жолдады, одан кейін сот процесі басталды.

    Нәтижесінде талап арыз қанағаттандырылып, апелляциялық сот алқасы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

    Іс Әділет департаментіне жолданып, 2024 жылғы 2 шілдеде атқарушылық іс жүргізу қозғалды.
    Бұзу жұмыстары кеше сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілді.

    Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 75 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN тұрғын үй кешендері және т.б. толық немесе жартылай бұзылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →