Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде

    Алматы әкімдігі жыл басынан бері 9 мыңнан астам жас маманға жұмыс тауып берді

    Алматы әкімдігі жыл басынан бері 9 мыңнан астам жас маманға жұмыс тауып берді

    Бүгінде Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мыңнан астам жас тұрады. Бұл мегаполис халқының 32%-ы. Оның ішінде 442,3 мыңы – жұмыс істейтін жастар, 287,4 мыңы – жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, ал 80 мыңға жуығы – мектептің жоғары сынып оқушылары.

    Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыру, тәжірибеден өткізу, кәсіптік оқыту және мансаптық бағыт-бағдар беру мақсатында бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі – Jasalmaty.kz ақпараттық порталы. Онда «Jobfair365» жұмысқа орналастыру сервисі және «SkillBridge» онлайн оқыту мен біліктілікті арттыру платформасы жұмыс істейді. Мысалы, бұл платформаға 25 мыңнан астам бірегей қолданушы тіркелген, 5 мыңнан астам жұмыс беруші 7 мыңнан астам бос жұмыс орнын жариялаған. Соның арқасында жыл басынан бері 3,5 мың жас тұрақты жұмыс тапқан.

    Сонымен қатар, жастарды жұмысқа орналастыруда кешенді жұмыс жүргізіп жатқан жобалардың бірі – Қалалық мансап орталығы. Бұған дейін әрбір оқу орнында жеке мансап орталықтары болса, қазіргі таңда бұл жүйе жұмыс берушілермен, еңбек ұтқырлығы орталықтарымен және басқа құрылымдармен біріктірілген ортақ платформада жұмыс істейді.

    2025 жылдың басынан бері Қалалық мансап орталығына 7,5 мың жас жүгінген, оның 5,7 мыңы жұмысқа орналастырылды.

    «Бірнеше ай тұрақты жұмыс таба алмай, қайда барарымды білмей жүргенде осы орталыққа тап болдым. Мұндағы мамандар маған бағытымды анықтап, түйіндемемді дұрыс жасауға көмектесті. Соның арқасында мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Қазір оқу мен жұмысты қатар алып жүрмін», – дейді Алдияр Нұрымов.

    Осылайша, 2025 жылдың басынан бері Алматыда 9,2 мыңнан астам жас тұрақты жұмысқа орналасқан. Айта кету керек, Қалалық мансап орталығының қызметін қаладағы кез келген комьюнити-орталықта пайдалануға болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →