Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды • Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді • «Bingo-37», «Lotoboom»: Шымкентте заңсыз онлайн-казинолардың айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды • Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді • «Bingo-37», «Lotoboom»: Шымкентте заңсыз онлайн-казинолардың айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен •

    Таразда мемлекеттің жарты миллиард теңгесін жымқырған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды

    Таразда мемлекеттің жарты миллиард теңгесін жымқырған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды
    Мемлекетке 519 млн теңгеден астам шығын келтірген Тараз қаласы құрылыс бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today.
    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, бөлім басшысы жеке компаниямен алдын ала келісіп, бюджет қаражатын қолды қылудың схемасын құрған.

    “Тараз қаласының соты қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Н. Қалдыбаевты, сондай-ақ мердігерлік ұйымдарының өкілі О. Ерболатұлын соттады. Ерболатұлы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, ал Қалдыбаев мердігерлердің мүддесі үшін орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, ақша аударған. Олардың қылмыстық қызметінің нәтижесінде мемлекетке 519 млн теңгеден астам шығын келтірілді. Сот үкімімен Қалдыбаевқа 4 жыл, Ерболатұлына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, сотталған Қалдыбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды, ал Ерболатұлына мемлекеттік, жеке ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қаржы бөлуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды”, – делінген хабарламада.

    Фото: inbusiness

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →