Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды • Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді • «Bingo-37», «Lotoboom»: Шымкентте заңсыз онлайн-казинолардың айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды • Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді • «Bingo-37», «Lotoboom»: Шымкентте заңсыз онлайн-казинолардың айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен •

    «Bingo-37», «Lotoboom»: Шымкентте заңсыз онлайн-казинолардың айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен

    «Bingo-37», «Lotoboom»: Шымкентте заңсыз онлайн-казинолардың айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен

    Фото: ҚМА/Видеодан скрин

    Шымкент қаласында «Bingo-37» және «Lotoboom» онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылағаны анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныс WhatsApp арқылы таратылған. Ал оған өтініш білдіргендерге жеке аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген, сол сияқты ақша аударуға арналған шот нөмірлері жолданған.

    Ұйымдастырушылар арам ойын жүзеге асыру үшін 14 дроппер тауып, олардың банк шоттарын пайдаланған. Ал жалы екі онлайн-казиноның айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен.

    «Заңсыз құмар ойынды ұйымдастырғандар 200 млн теңгеден аса ақшаға мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы көліктер, сондай-ақ екі жер учаскесі бар. Сот үкімімен екі адам төрт жылға сотталды. Ал мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген агенттік хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →