Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды • Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді • «Bingo-37», «Lotoboom»: Шымкентте заңсыз онлайн-казинолардың айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды • Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді • «Bingo-37», «Lotoboom»: Шымкентте заңсыз онлайн-казинолардың айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен •

    Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді

    Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді

    Фото: depositphotos.com

    Баянауыл ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа алғаш рет құну түсті. Бұл — Павлодар облысында аталған жыртқыштың алғаш рет тіркелуі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

    Ғылыми деректерге сәйкес, Қазақстанда құнудың негізгі таралу аймағы — Оңтүстік Алтайдың таулы-тайгалы өңірлері. Бұған дейін бұл жануар 1932 жылы Бурабай ормандарында, ал 1948–1949 жылдары қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Шағалалы көлі маңында кездескен.

    — Бұл — Павлодар облысында құнудың алғаш рет тіркелуі. Сирек жыртқыштың негізгі таралу аймағынан едәуір қашықта анықталуы оның қозғалысы мен таралу ерекшеліктерін зерттеу үшін маңызды ғылыми дерек болып отыр., — делінген хабарламада.

    Комитет өкілдерінің айтуынша, құнудың анықталуы ұзақ мерзімді фотомониторингтің маңызын да көрсетеді. Оның көмегімен сирек кездесетін жануарларды тіркеп, белгілі бір аумақтың биоалуантүрлілігі туралы жаңа мәліметтер жинауға болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →