Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Кентауда 1,5 млрд теңгеге металл құрылымдар зауыты іске қосылды • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Кентауда 1,5 млрд теңгеге металл құрылымдар зауыты іске қосылды •

    «Қанды қақтығысқа, өшпенділікке, русофобияға, агрессивті ұлтшылдыққа шақырады»: Путин әскери парадта не деді?

    Мәскеуде Жеңіс күніне орай әскери шеру өтіп жатыр. Шақырылған қонақтардың арасында ТМД мемлекеттерінің басшылары бар. Парад барысында Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйледі. Бұл туралы Qazaq.today Ulysmedia.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Ресей президенті тағы да жұртшылыққа «батыстық жаһандану» мен Ресейге қарсы басталған соғыс туралы айтты.

    «Бүгін өркениет шешуші, бетбұрыс кезеңде тұр, Отанымызға қарсы тағы нағыз соғыс басталды, бірақ біз халықаралық лаңкестікке тойтарыс бердік, Донбасс тұрғындарын қорғап, қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеміз.

    Біз үшін, Ресей үшін Батыста да, Шығыста да дос жоқ, жау халық та жоқ. Жер шарындағы адамдардың басым көпшілігі сияқты біз де бейбітшілікке, еркіндікке, тұрақтылыққа негізделген болашақты көргіміз келеді», — деді ол.

    Оның айтуынша, батыс элиталары «қанды қақтығыстарды қоздырып, өшпенділікке, русофобияға, агрессивті ұлтшылдыққа шақырады және отбасылық құндылықтарды бұзады».

    «Олар ұлтшылдардың әлемге үстемдік етуді көздейтін ақылсыз талаптары неге апарып соқтырғанын ұмытқан сияқты. Біз бірқатар елдерде кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіштердің аяусыз жойылып жатқанын, ұлы қолбасшыларға арналған ескерткіштердің қиратылып жатқанын, фашистер мен олардың сыбайластарының орынсыз әрекеттерін көріп отырмыз», — деп қосты Путин.

    Бұған қоса, Путин Батыс елдері Ресейді жойып, «кез келген егемен дамушы елдерді тұншықтырғысы келетініне» сенімді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →