Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды

    Ташкентте Түркі мемлекеттерінің географиялық кеңесі құрылды

    Ташкентте Түркі мемлекеттерінің Географиялық кеңесін құру туралы келісімге 8 мамырда Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан географиялық қоғамдарының өкілдері қол қойды, деп хабарлайды QazaqGeography РҚБ баспасөз қызметі.

    ТМГК құру жөніндегі бастаманың басты мақсаты – түркітілдес ғылыми-зерттеу институттары мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан ары жақсарту, сондай-ақ түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеуге және сақтауға, экологиялық күн тәртібін іске асыруға (2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу) бірлесіп үлес қосу және тұтастай алғанда, мұндай кеңес жария дипломатия үшін алаң бола алады.

    Географиялық кеңестің штаб-пәтері Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында орналасатын болады. Үш жыл мерзімге ТМГК бас хатшысы болып Өзбекстан Республикасының географиялық қоғамының басшысы Ойбек Норинбаев сайланды. Кеңесті құрудың бастамашысы QazaqGeography Қазақстандық республикалық қоғамдық бірлестігі болды.

    «Біз Түркі мемлекеттерінің географиялық кеңесін құруда елеулі перспективаларды көріп отырмыз және бірлескен жұмыс пен оның нәтижесіне үлкен үміт артамыз. Өз кезегінде Қазақстан өңірлік және жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін жинақталған тәжірибелерімен бөлісуге дайын», – QazaqGeography РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаев атап өтті.

    Түркияның Географиялық қоғамының өкілі Каан Капан қазақстандық тарапқа уақтылы жасалған бастама үшін алғысын білдірді.

    «Мен QazaqGeography-ге түркі мемлекеттерінің географиялық қоғамдарының басын біріктіру туралы ұсынысы үшін ризашылығымды білдіремін. Және де бүгін біз осы келісімге қол қойып, болашаққа үлкен жол ашып жатқанымызға қуаныштымын», – деп атап өтті ол.

    Жақын арада географиялық кеңестің құрылымы, бірқатар жобалары мен нақты қадамдары бекітілетін болады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →