Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды • 2 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, дауылды ескерту жарияланды • Қазақстан Азиада-2026-да 64 медальмен тоғызыншы орында • Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арнайы курсқа жіберу керек • Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайта жолданды • 2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды • 2 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, дауылды ескерту жарияланды • Қазақстан Азиада-2026-да 64 медальмен тоғызыншы орында • Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арнайы курсқа жіберу керек • Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайта жолданды •

    Медеуде орман өрті әлі сөндірілмеді

    Іле-Алатау шатқалындағы орман өрті әлі сөнбеді. Өрт 7 мамырда түнгі уақытта шыққан. Іл-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өртке қалалық ТЖД жеке құрамының 59 адамы мен 15 техникасы сондай-ақ, МҰТП жедел тобы жіберілді, деп хабарлайды Qazaq.today.

     

     

    Тілсіз жауды сөндіру кезінде ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Оқасов Ерік Алмасбекұлы жарақат алды.

    «Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, қатты желмен, биік құрғақ шөппен, қураған ағаштың көп мөлшерімен (құлаған құрғақ ағаштар) күрделенуде сондай-ақ, су төгетін құрылғысы бар Ми-171 ҚР ТЖМ «Қазавиаспас», Ми-8 «Қазавиаспас» АҚ тікұшақтары жұмылдырылды», — деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлдана Нұрымбекова.

    Оқиға орнында өртті жоюға «Іле Алатау» МҰТП қызметкерлері — 42 адам және ТЖД — 32 адам л/с 5 техника жұмыс істеуде. Өрттің алдын ала ауданы 3 Га құрайды. Қазірге дейін 13 су төгу жұмыстары (39 тонна) жүзеге асырылды. Оңтүстік-шығыс жағын оқшаулауға қол жеткізілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →