Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Өскеменде 61 жастағы ер адам тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапты

    Өскеменде 61 жастағы ер адам тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізілуде.

    Өскеменде 61 жастағы ер адам тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапты

    Сурет: Unsplash

    Өскемен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға тіркелді. 61 жастағы қала тұрғыны тоғызыншы қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алдын ала деректерге сүйенсек, жағдай Ушанов алаңының маңындағы үйлердің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған.

    Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұрғынның қаза болғанын растады.

    «Өскемен қаласының 61 жастағы тұрғынының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →