Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғар асуы маңында 73 жастағы шетел азаматын іздеу жалғасуда • Тоқаев AI & Digital Bridge-2026 форумында сөз сөйледі • Тоқаев: IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты, 100-ден астам ел қолданады • Тоқаев жасанды интеллектіні бейбіт әрі жауапкершілікпен дамытуды қолдайтынын айтты • Flydubai ұшағындағы төтенше жағдай: жолаушы екінші пилотты құрықтады • Ерлан Қошанов Халық Кеңесі Төралқасының алғашқы отырысын өткізді • Талғар асуы маңында 73 жастағы шетел азаматын іздеу жалғасуда • Тоқаев AI & Digital Bridge-2026 форумында сөз сөйледі • Тоқаев: IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты, 100-ден астам ел қолданады • Тоқаев жасанды интеллектіні бейбіт әрі жауапкершілікпен дамытуды қолдайтынын айтты • Flydubai ұшағындағы төтенше жағдай: жолаушы екінші пилотты құрықтады • Ерлан Қошанов Халық Кеңесі Төралқасының алғашқы отырысын өткізді •

    Талғар асуы маңында 73 жастағы шетел азаматын іздеу жалғасуда

    Алматыдағы Талғар асуы маңында 73 жастағы шетел азаматын іздеу жұмыстары күшейтілді. Құтқарушылар 3200 метр биіктікте тәулік бойы іздестіріп, 130 адам мен 8 техника жұмылдырылған.

    Талғар асуы маңында 73 жастағы шетел азаматын іздеу жалғасуда

    Сурет: ТЖМ

    Алматыдағы Талғар асуы төңірегінде жоғалып кеткен 1953 жылы туған шетел азаматын іздеу қарқыны күшейтілді. Құтқарушылар оны шамамен 3200 метр биіктіктегі таулы белдеуден іздестіріп жатыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілуде. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмысты Алматы қаласы ТЖД басшылығы үйлестіріп отыр.

    Құтқарушылар таулы аумақтың жетуі қиын тұстарын, шатқалдар мен беткейлерді, асулар мен шыңдарға апаратын бағыттарды тексеруден өткізуде. Сонымен қатар іздеу аумағындағы су айдындары да қаралды.

    Іздеу жұмыстары күрделі жер бедері, биіктік және кейбір учаскелердің қолжетімсіздігіне байланысты қиын өтуде. Дегенмен құтқарушылар іздеу аумағын біртіндеп кеңейтіп, жаңа бағыттарды тексеруді жалғастыруда.

    Іздеу-құтқару жұмыстарына шамамен 130 адам, 8 техника, 3 кинологиялық есептоп, 11 ұшқышсыз ұшу аппараты және ТЖМ авиациясы жұмылдырылған.

    Бұған қоса, Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қызметкерлері, ТЖМ-нің «Барыс» құтқарушылары, Полиция департаменті және еріктілер де іздеу жұмыстарына қатысып жатыр.

    Еске сала кетейік, 73 жастағы шетел азаматы 28 қыркүйекте топ құрамында «Шымбұлақ» аспалы жолы арқылы көтерілген. Кейін маршрутты жалғыз жалғастыратынын айтып, топтан бөлінген. Алайда қонақүйге қайтып оралмаған.

    Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →