Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

    Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

    Фото: ашық дереккөз

    Қарағандының «Голубые пруды» шағынауданында төрт жасар қыз көпқабатты үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қайғылы оқиғаға 2022 жылы туған бүлдіршіннің сол күні қонақта болғаны белгілі. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала бір сәт ересектердің қарауынсыз қалған.

    Ауыр жарақат алған бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, қыз бала қайтыс болды.

    Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →