Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Өзі жинаған»: Жұлдыз Әбдікәрімова ең алғаш кімнен гүл алғанын айтты

    «Өзі жинаған»: Жұлдыз Әбдікәрімова ең алғаш кімнен гүл алғанын айтты

    Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балалық шағынан сыр шертті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

    Өнер иесі алғаш рет кімнен гүл алғанын айтты.

    “Жасым 11-де болса да, кешегідей есімде. 5-сынып оқушысымын. Біздің мектепте концерт өтетін болды. Мен сол іс-шараны жүргізбекпін. Есейіп қалдым деп ойлаған шағым болса керек, алғаш рет үлкен сахнаға шығамын деп қатты қобалжыдым. Бір апта үздіксіз дайындалдым. Сынып жетекшім концертке директор қатысады, ата-аналар қонаққа келеді деді. Менің үрейім одан сайын ұшты. Салтанатты кеш ойдағыдай аяқталып, аяқ-қолым дірілдеп, демім тартылып дәлізге шықтым. Осыны байқаса керек, анашым күлімдеп келе жатты. Қолында бір бума дала гүлі бар. Өзі жинаған, аспан көк түсті лентамен бантик етіп буып алған. Бұл менің ең алғашқы гүл шоғым еді. Қазір әр сахнадан кейін құшақ-құшақ гүлдер алғанда, сол алғашқы гүл шоғымның иісі есіме келеді де тұрады”, – деп жазды актриса.

    Одан кейін өнер иесі жаңа үйінің қоныс тойын қашан жасайтынын да хабарлады.

    “Өз үйіме кіріп алсам, қоныс тойға шақырамын. Бірақ әлі жөндеу жұмыстары да басталған жоқ. Қоныс тойға шақырамын. Тып-тыныш жатпаймын”, – деді кино жұлдызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →