Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Жаңа Рим Папасын таңдау рәсімі 7 мамырға белгіленді

    Жаңа Рим Папасын таңдау рәсімі 7 мамырға белгіленді

    Фото: ncronline.org

    Бұл шешім 28 сәуірде кардиналдардың жабық жиналысында қабылданды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы CNN-ге сілтеме жасап.

    Кардиналдар конклавты бастау және бүкіл әлемдегі 1,4 миллиард католиктер үшін жаңа понтификті сайлау күні ретінде 7 мамырды таңдап отыр.

    Жалпы қауымдар – Папа Франциск қайтыс болғаннан кейін шіркеу мәселелерін және конклавқа дайындықты талқылау үшін жиі өткізілетін жабық жиналыстар.

    Папа Франциск 21 сәуірде 89 жасқа қараған шағында инсульттен көз жұмды. Оның жерлеу рәсімі 26 сәуірде Әулие Петр алаңында өтті.

    Қаралы жиынға 200 мыңнан астам адам қатысты. Папаның соңғы тілегі бойынша, Римдегі Санта-Мария-Маджоре базиликасында жерленді.

    Конклавқа 80 жасқа толмаған 135 кардинал қатыса алады. Сайлау Сикстин капелласында өтеді, онда кардиналдар жабық есік жағдайында дауыс береді. Әр дауыс беруден кейін түтін шығарылады: қара түтін –  шешім қабылданбағанын, ақ түтін – жаңа Папа сайланғанын білдіреді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →