Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты

    Дзюдошыларымыз Азия чемпионатын 4 қола жүлдемен аяқтады

    Дзюдошыларымыз Азия чемпионатын 4 қола жүлдемен аяқтады

    Фото: inbusiness.kz

    25-27 сәуірі аралығында Бангкокте (Таиланд) дзюдодан Азия чемпионаты өтті.Сары құрлықтың басты бәсекесіне  29 елден 289 спортшы қатысты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеп. 

    Турнирде спортшыларымыз аралас командалық сайыста қола жүлде үшін белдесуде Оңтүстік Кореямен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша командамыз төртінші орынды қанағат тұтты.

    Қазақстандық спортшылардан тек жекелей сайыста, атап айтқанда Ғалия Тынбаева (48 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Мейірлан Максим (90 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

    Жапония құрамасы 8 алтын және 3 қола медальмен командалық есепте сенімді түрде көш бастады. Екінші орынға 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен Өзбекстан құрамасы ие болды. Ал 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медальі бар Оңтүстік Корея 3-сатыға жайғасты.

    Қазақстан құрамасының кеңесші бапкері Роберт Мшвидобадзе жас спортшылардың кейбір қателіктеріне қарамастан олардың лайықты өнер көрсеткенін атап өтіп, бұл турнирде жиналған тәжірибенің маңыздылығын тілге тиек етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →