Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды •

    Таиландта ұшақ теңізге құлап, бірнеше адам қаза тапты (ВИДЕО)

    Таиландта ұшақ теңізге құлап, бірнеше адам қаза тапты (ВИДЕО)

    Фото: 191 Emergency Centre via Wassayos Ngamkham

    Таиландтың Пхетчабури провинциясында, Сиам шығанағына жақын маңда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл оқиға 19 сәуір күні таңғы 8:15 шамасында тіркелген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ұшақ Хуахин әуежайынан ұшып шығып, парашютпен секіруге арналған жаттығу рейсін орындау барысында құлаған. Апат Baby Grande Hua Hin қонақүйі маңында, жағажайға жақын аумақта болған.

    Бортта болған алты адамның бесеуі оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.  DHC-6-400 Twin Otter үлгісіндегі ұшақтың нақты не себептен құлағаны әзірге белгісіз.

    Жергілікті билік пен құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, апатқа қатысты тергеу бастады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →