Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады •

    Қазақстандық боксшылар WBC ұйымының гран-при турниріне қатысады

    Қазақстандық боксшылар WBC ұйымының гран-при турниріне қатысады

    Қазақстандық 5 боксшы Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) алғаш рет ұйымдастырып отырған «The Riyadh Season WBC Boxing Grand Prix» турнирінде өнер көрсетеді.

    WBC ұйымының хабарлауынша, гран-при жеңіл салмақ, бірінші орта салмақ, орта және ауыр салмақ сынды 4 салмақ категориясы бойынша өтеді. Оған әлемнің 41 елінен келген 128 боксшы қатысады деп жоспарланып отыр.

    Байрақты бәсекеде әр салмақта 16 жекпе-жек өтіп, боксшылар үш минуттан 6 раунд жұдырықтасады.

    Сондай-ақ,турнирге 26 жасқа дейін кәсіпқой бокстағы рекорды 15 жекпе-жектен аз жастар
    қатысады.

    Айта кетерлігі,қатысушылар тізімі арасында 5 қазақстандық спортшы бар. Олар:

    Жеңіл салмақ – Александр Ковригин, Жолдас Жеңісов.

    Бірінші орта салмақ – Нұржан Серікбаев, Санатәлі Төлтаев.

    Орта салмақ – Елхан Табынбаев.

    «The RiyadhSeason WBC Boxing Grand Prix» турнирі Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд
    қаласында 17 сәуір басталып, 20 желтоқсан өз мәресіне жетеді. Алғашқы кезең17-20 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →