Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды «Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды «Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты

    Сарыағашта даун синдромы бар баланы орталық маманы таяқпен ұрған

    Сарыағашта даун синдромы бар баланы орталық маманы таяқпен ұрған

    Әлеуметтік желіде «Әділ кәсіподақ» ұйымы Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жантүршігерлік сәттің видеосын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы El.kz-ке сілтеме жасап. 

    Ерекше күтімді қажет ететін 13 жастағы Еркебұлан Жақыбайдың даун диагнозы бар. Ол Сарыағаш қаласындағы «Ақылды бала» коррекциялық орталығына барып жүрген.

    Сурет пәнінен сабақ беретін Марлен есімді азаматтың баланы аяғынан сүйреп, жерде жатқызып, бұрышқа тақап қойып күш көрсеткен сәті видеоға түсіп қалған.

    Еркебұланды сабақтан алып кетуге келген анасы Гүлжауһар Жорабековаға баласы: «Ағай мені ұрды. Қатты қорқып кеттім, жүрегім ауырып жатыр» деп жылаған.  Еркебұланның жүрегіне бұған дейін екі рет ота жасатқан.Егер сол сәтте жүрегі тоқтап қалса — кім жауап береді?

    «Біз мына жағдайға үнсіз қала алмаймыз!», — дейді кәсіпқодақ өкілдері.

    Осыған қатысты Түркістан облысының білім басқармасы пікір білдірді.

    «Түркістан облысының білім басқармасы бейнематериалда көрсетілген жағдайды назарға алып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта орын алған. Бейнематериалдағы ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол орталық тарапынан жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, тұрақты сабаққа қатысып жүр деп хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →