Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстанда орташа зейнетақы – 143 мың теңге

    Қазақстанда орташа зейнетақы – 143 мың теңге

    Қазақстанда жыл басынан бері 1 триллионнан астам теңге зейнетақыға жұмсалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Еңбекминінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 44,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:

    •  337,6 млрд теңге – базалық зейнетақыға,
    •  706,7 млрд теңге – ынтымақты зейнетақы төлемдеріне бағытталған.

    2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 2,5 млн-ға жуық зейнеткер тіркелген.

    Сол күнгі есеппен жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады. Оның ішінде:

    •  ынтымақты зейнетақы – 95 963 теңге,
    •  базалық зейнетақы – 47 659 теңге болды.

    Бұған дейін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

    •  базалық зейнетақы 6,5%-ға,
    •  ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өскені хабарланған еді.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

    •  базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін (32 360 теңге),
    •  ең жоғары мөлшері 110%-на дейін (50 851 теңге) жеткізілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →