Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды •

    «Сауда соғысы»: Трамп Қытайға баж салығын 104%-дан 125%-ға бірақ көтерді

    «Сауда соғысы»: Трамп Қытайға баж салығын 104%-дан 125%-ға бірақ көтерді

    Әлемнің екі алып елінің өзара сауда соғысы шарықтау шегіне жетті. Дональд Трамп АҚШ-қа  Қытайдан келетін тауарларға салынатын сауда баж салығын 104-тен 125%-ға дейін көтеретінін мәлімдеді.

    Басқа елдерге импортқа 10 пайыздық баж салығы үш айға енгізілмек, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

    Трапм тағыда ондаған елдің сауда экономикалық жағдайын қиындатпақ. Айтуынша, сексенге жуық ел АҚШ-тан тарифтер бойынша келіссөздер жүргізуді сұраған. Алайда қымбат тарифтерді енгізу 90 күнге қолданылатынын айтты.

    «Қытайдың жаһандық нарықтарды құрметтемеуіне жауап ретінде мен АҚШ-тың Қытайға салатын баж салығын 125%-ға дейін көтеріп жатырмын, ол дереу күшіне енеді. Жақын арада Қытай АҚШ пен басқа елдерді тұқыртуға болмайтынын түсінеді деп үміттенемін», — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

    Ресми Пекин АҚШ-тың озбырлы сауда саясатына жауап ретінде «соңына дейін күресетінін» айтып, жауап ретінде америкалық тауарларға 34 пайыздық тариф енгізді, ал сәрсенбіде Қытайдың Қаржы министрлігі АҚШ-тан импортталатын барлық тауарға қосымша 84 пайыздық баж салығын жариялады. Олар 10 сәуірден бастап күшіне енеді. Екі державаның қырғи қабақ соғысы әзірге тек сауда саласында ғана жалғасып жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →