Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды

    Хиджабтың астында шайтан жасырынып жатады – исламтанушы

    Хиджабтың астында шайтан жасырынып жатады – исламтанушы

    TikTok желісінде Нұралы Бақытұлы есімді азамат өзін исламтанушы, ҚМДБ РАНТ мүшесі әрі “Һибатулла Тарази” мешітінің имамы ретінде таныстырып, хиджабқа қатысты даулы пікір білдірген видео жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Хиджабтың астында шайтан жасырынып жатады. Кей қыздар байға тию үшін хиджаб киеді, ал ондайларға алданып қалатындар да бар. Менің айтарым, өзің қандай болсаң, Алла саған сондай адамды жолықтырады. Орамал тақпайтын, тіпті намаз оқымайтын, бірақ иманды қыздар да болады. Егер әке-шешесі жақсы болса, ондай қыз мұсылман болған соң насихат айтсаң, намазға да келеді. Орамалға алданып қалудың қажеті жоқ. Орамал тағып, аузымен аңырап жүргендер де кездеседі. Жарың болып, бала туып, үйде отырып, саған жақсылық тілеп жүретін қызды таңдау керек. Ал үйлене салысымен ‘тойымды Медеудің басында жасаймын’ десе, мәселе сол жерден басталады. Теңіңді тап, әйтпесе өмір бойы қиналасың. Сондықтан дұрыс қыз іздеп, соған күш салған жөн. Орамал таққан, салиқалы, тақуа қыздар да баршылық. Егер сондайын кездестірсең, үйлен. Ал ондай табылмаса, орамалсыз да иманды, тәрбиелі, ибалы қызды алсаң, өкінбейсің. Уақыт өте келе ол да намазға келеді», – деп сөзін түйіндеді.

    Бұл видео желі қолданушыларының арасында қызу пікірталас тудырды.

    “Ақыры бір имам шындықты айтты”, “Орамал тақпайтындардың көңілі жайланды”, “Дінді бұрмалайтын осындай шала молдалар көбейіп кетті”, “Әсіредіншілдер естіп алсын”, “Аға, артық кеттіңіз, Алла кешірсін” деген сияқты әртүрлі пікірлер жазылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →