Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады •

    «Енем маған «Сіз» деп сөйлейді»: Маржан Арапбаева қандай келін екенін жасырмай айтты (ВИДЕО)

    «Енем маған «Сіз» деп сөйлейді»: Маржан Арапбаева қандай келін екенін жасырмай айтты (ВИДЕО)

    Жетінші арнадағы «Айгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасына қонаққа келген әнші, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Маржан Арапбаева ата-енесі өзін қатты жақсы көретінін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Балалық шағы мен кәсіби жолының алғашқы жылдарын еске алған ол «анамнан қарағанда енеме тартқан сияқтымын» дейді.

    «Енеммен қарым-қатынасым өте тамаша. Ол менің құрбым. «Мен қонақ күткелі жатырмын, тез кел» демейді. Кейбір кезде маған тіпті «Сіз» дейді. Мен сондай сәтте ыңғайсызданып қаламын. Өйткені, енем мен қайын атам адамдарды қатты құрметтейді. Ескінің адамдары емес. Енем — ағылшын тілінің мұғалімі, қайын атам – ұзақ жылдар бойы мектеп директоры болған, математик», — дейді ол.

    Әншінің сөзіне сенсек, енесі әдемі киім мен косметиканы қатты жақсы көретін адам. Осыған келгенде Маржан Арапбаева анасы емес, енесіне тартқан сияқтымын деп топшылайды.

    «Енем әдемі киінгенді, әдемі болып жүргенді қатты жақсы көретін кісі. Олар «Маржан Арапбаева біздің келініміз» деп мақтанады. Енем әдемі киініп, ортаға отырған кезде «мен Маржан Арапбаеваның енесімін, соған сай болуым керек» дейді. Ол кісілірмен қарым-қатынасым өте жақсы», — дейді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →