Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 450,5 522,6 5,37
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлімханұлы мен Шираз жекпе-жегі: промоутерлік сауда 16 қыркүйекте Қарағандыда құтқарушылар шұңқырға құлаған баланы аман алып шықты Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатыр Петропавл маңында ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектері табылды Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: доллар, еуро, рубль және юань Әлімханұлы мен Шираз жекпе-жегі: промоутерлік сауда 16 қыркүйекте Қарағандыда құтқарушылар шұңқырға құлаған баланы аман алып шықты Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеп жатыр Петропавл маңында ежелгі жүнді мүйізтұмсық пен адам сүйектері табылды Ұлттық ұландағы әскери отбасылар: Отан алдындағы борыш пен шаңырақ жылуы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: доллар, еуро, рубль және юань

    Таразда ер адамның денесі табылды: күдікті ұсталды

    Таразда ер адамның денесі табылды: күдікті ұсталды

    Фото: instagram.com/zhambyl_police

    Жамбыл облыстық ПД бұған дейін Тараздағы шағын аудында денесі табылған ер адамды өлтірді деген күдіктіні ұстағанын хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ведомство хабарламасына сай, биыл 1 сәуірде ауқымды жедел іс-шараларды жүргізу барысында полиция қызметкерлері 31 наурызда облыс орталығының «Жайлау» шағын ауданында мәйіті табылған ер адамды өлтірді деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

    Еске салсақ, бұл қылмысты ашу үшін жедел топ құрылып, күдіктінің орналасқан жерін анықтау және ұстау, сондай-ақ дәлелдемелер базасын бекіту үшін үлкен жұмыс көлемі жүргізілді. Қазіргі уақытта ер адам өзінің кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда және полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →