Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады •

    «Қауіпсіздік сыпайылықтан жоғары тұрсын»: Сабина Алтынбекованың жазбасы көпшілікті ойландырды

    «Қауіпсіздік сыпайылықтан жоғары тұрсын»: Сабина Алтынбекованың жазбасы көпшілікті ойландырды

    Фото: Жеке парақшадан алынды 

    Танымал спортшы, волейболшы Сабина Алтынбекова зорлық-зомбылыққа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Спорт саласының өкілі қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға үндеу жасады.

    «Қыздарыңызға «жоқ» деп айтуды үйретіңіз. Қажет болса, қыздарыңыз дауыс көтере де білсін. Қыздарыңызға әділетсіздікке қарсы тұруды үйретіңіз. Қауіпсіздікті сыпайылықтан жоғары қоюды үйретіңіз. «Көмектесіңіз» деудің орнына «өртеніп жатыр!» деп айқайлауды үйретіңіз. Қыздарыңызға өз денесінде өзін жайлы сезінуді үйретіңіз. Ұятсыз өмір сүруді үйретіңіз. Соққыны бірінші болып жасауды үйретіңіз. Жауап ретінде тістеп алуды үйретіңіз. Лайық қарым-қатынас көрсетілмесе, әлемді күлге айналдыруды үйретіңіз. Қыздарыңызға өзіне қиянат жасағандарды әшкерелеуді үйретіңіз. Өте байсалды, сөйте тұра қауіпті болуды үйретіңіз. Өзіне сенімді болуды үйретіңіз. Не қалайтынын түсінуді үйретіңіз. Қыздарыңызға өз көзқарасын қорғауды үйретіңіз. Батыл болуды үйретіңіз. Ержүрек болуды үйретіңіз. Қыздарыңызға жақсылыққа сенуді үйретіңіз. Сонан соң олар осыған лайық екенін айтыңыз. Қыз баланың тағдыры ауыртпалықпен астарлас болуы міндет емес», – деп жазды волейболшы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →