Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңіске жетті •

    Танымал әнші саханада есінен танып, кейін көз жұмды (ВИДЕО)

    Танымал әнші саханада есінен танып, кейін көз жұмды (ВИДЕО)
    Фото: cyprusbutterfly.com
    Түркияның танымал әншісі және композиторы Волкан Конак 58 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

    Солтүстік Кипрдің Фамагуста қаласында өткен концерт кезінде әнші өзін жайсыз сезініп, сахнада есінен танып қалған. 30 наурыз сағат 23:23-те жедел жәрдем орталығына 112 нөмірі арқылы қоңырау түсіп, концерт кезінде әртістің өзін жайсыз сезінгені туралы хабарланған.

    Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шұғыл жетіп, сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 40 минутқа созылған жүрек-өкпе реанимациясынан кейін әнші интубацияланып, 00:10-да ауруханаға түскен. 00:17-де Волкан Конак реанимация бөліміне түсті, онда 25 минут бойы дәрігерлер өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, 00:42-де дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.

    Волкан Конак – түрік халық музыкасының танымал орындаушысы. Оның шығармашылығы Қаратеңіз аймағының дәстүрлі әуендері мен заманауи элементтердің үйлесімімен ерекшеленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →