Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды •

    «Бес жұлдызды қонақ үйде жатады»: Бүркіт ата-анасын шетелге демалысқа жіберді (ВИДЕО)

    «Бес жұлдызды қонақ үйде жатады»: Бүркіт ата-анасын шетелге демалысқа жіберді (ВИДЕО)

    Қазақстандық музыкант, Бүркіт есімімен танымал әнші Айбек Жансейітов 90-ға таяп қалған әкесі мен анасын Дубайға демалысқа жіберді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Әнші Instagram желісінде ата-анасының Дубайда қалай демалып жүргенін көрсетті. Кадрлардан тоқсанды алқымдаған ақсақалдың теңіз жағасында күнге қыздырынып, бассейнге шомылып жүргенін байқауға болады.

    «Биыл әкемнің туған күнінің қарсаңында ата-анамызды тойдың орнына Дубайда он шақты күн демалып келсін деп шештік. Сөйтіп, ұшаққа отырғыздық та, шетелге бес жұлдызды қонақ үйге жібердік. Қазір ораза айында ауа-райы ол жақта өте жақсы. Ол жақтан ағам қарсы алды. Жақсы бір демалыс болсын дедік. Дубайға бармағалы бес жылдай болыпты. Содан бал айы тәрізді, екі кісі кетті сонда. Ағам тамаққа апарып тұрды, шомылдырды, әйтеуір жақсылап тұрып қарады енді. Тіл білмеген соң қиын ғой. Екі кісі бізсіз жақсылап тұрып демалды десек артық айтпаспын. Ата-анамыз барда, біз бақытты жанбыз», — деп жазды Бүркіт желідегі парақшасында.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →