Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызылорда облысында 6 жасар бала түнгі уақытта көлік басқарған Павлодарда төрт жасар бала сегізінші қабаттан құлап, аман қалды Еуразия ұлттық университеті Нанкай университетімен ынтымақтастықты нығайтты «Жабық есіктің ар жағындағы жағдай»: белсенділер алматылық қыздың ісі бойынша ІІМ-ге жүгінді Орталық Азияда ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына қарсы өңірлік стратегия валидацияланды Доллар 456,89 теңгеден 450,79 теңгеге арзандады Қызылорда облысында 6 жасар бала түнгі уақытта көлік басқарған Павлодарда төрт жасар бала сегізінші қабаттан құлап, аман қалды Еуразия ұлттық университеті Нанкай университетімен ынтымақтастықты нығайтты «Жабық есіктің ар жағындағы жағдай»: белсенділер алматылық қыздың ісі бойынша ІІМ-ге жүгінді Орталық Азияда ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына қарсы өңірлік стратегия валидацияланды Доллар 456,89 теңгеден 450,79 теңгеге арзандады

    Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуіне қатысты тың дерек шықты

    Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуіне қатысты тың дерек шықты

    Фото: vk.com

    Астанада танымал әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне қатысты сот басталды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Сот кабинетіндегі мәлімет бойынша, әншінің экс-күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралып жатыр.

    Қазіргі таңда іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының өндірісіне қабылдауға жіберілген.

    Басты сот отырысы 13 наурызда сағат 11.00-ге белгіленген. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ғимаратында жалпы тәртіпте ашық сот отырысында қаралған.

    “Сот отырысы сотталушы мен оның қорғаушысы, мемлекеттік айыптаушының қатысуымен орыс тілінде өтеді, сотталушы Қажмұханұлы Аңсарға қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушыны қамауда ұстау мерзімі қылмыстық істі қарау аяқталғанға дейін ұзартылады”, – делінген сот кабинетінде.

    Еске салайық, әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жариялаған еді.

    “Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті іздеуді жүргізіп жатыр”, – деп жазды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →