Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әйеліммен енем таныстырды»: Асан Пердешов жеке өмірі туралы айтты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды «Әйеліммен енем таныстырды»: Асан Пердешов жеке өмірі туралы айтты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды

    «Неге туып алмайсың?»: Айнұр Тұрсынбаева орынсыз сұрақ қоятындарға ренішін білдірді

    «Неге туып алмайсың?»: Айнұр Тұрсынбаева орынсыз сұрақ қоятындарға ренішін білдірді

    Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде орынсыз сұрақ қоюға қатысты жазба жариялады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ол көпбалалы ана болғысы келгенін, алайда ол арманы әлі орындалмағанын айтты.

    “Мен көп перзентім болса деп көп армандадым… Қаралмаған жерім жоқ. Бір жерге барсам «Осы сен неге тағы туып алмайсың?» деп сұрамаса екен деп отыратынмын… Әсіресе, көпшілік жерде.. Жүрегіме біз тығып алғандай әсер ететін… Ал перзент сүйе алмай жүрген қаншама адам бар. Көріп қалсақ, бас саламыз… «Неғып тумай жүрсің?!», «Жас кезіңде туып алсаңшы», «Қашан барамыз шілдеxанаға?!»… Бала күтудің қаншалықты қиын екенін жақсы түсінемін… Жаның жабығып жүргенде осындай сұрақтар одан сайын езіп жібереді-ақ. Әсіресе, жұрттың көзінше…”, — деп жазды.

    Айтыскер ақын көпшілікті адамның көңіліне қарап сөйлеуге шақырды.

    “Неге жұрттың өмірі қызық?! Не шаруамыз бар?! Ал білдік жауапты, естідік! Бақытты боп кеттік пе? Раxаттанып қалдық па? Қызық па екен?! Әлеуметтік желіде де сол… Көп сұраққа жауап беру – ауыр… Адамның көңіліне қарау да мәдениеттің, иманның белгісі..! Көңілге қарап сөйлеп үйрене білейік», – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →