Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еуразия ұлттық университеті Нанкай университетімен ынтымақтастықты нығайтты «Жабық есіктің ар жағындағы жағдай»: белсенділер алматылық қыздың ісі бойынша ІІМ-ге жүгінді Орталық Азияда ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына қарсы өңірлік стратегия валидацияланды Доллар 456,89 теңгеден 450,79 теңгеге арзандады Филиппинде паром өртеніп 87 адам жоғалып кетті «Жантайып жата қойып едім»: Мақпал Жүнісова күйеуінің қызғаншақ болғанын айтты Еуразия ұлттық университеті Нанкай университетімен ынтымақтастықты нығайтты «Жабық есіктің ар жағындағы жағдай»: белсенділер алматылық қыздың ісі бойынша ІІМ-ге жүгінді Орталық Азияда ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына қарсы өңірлік стратегия валидацияланды Доллар 456,89 теңгеден 450,79 теңгеге арзандады Филиппинде паром өртеніп 87 адам жоғалып кетті «Жантайып жата қойып едім»: Мақпал Жүнісова күйеуінің қызғаншақ болғанын айтты

    «Кез келген марапатқа лайықсыз!»: Бағлан Әбдірайымова ағасына қолдау білдірді

    «Кез келген марапатқа лайықсыз!»: Бағлан Әбдірайымова ағасына қолдау білдірді
    Фото: Sn.kz

    Алматы әуежайында кепілге алынған қызды құтқарған қазақстандық Мұса Әбдірайым “Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың туысқаны болып шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі жеке парақшасында ағасымен мақтанатынын жасырмады.

    “Абдраймов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Намысты жігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деген жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз – ерлік. Бала-шағаның несібісі таусылмасын. Кез келген марапатқа лайықсыз! Біз сізбен мақтанып жүрейік”, – деп жазды әнші.

    Айта кетейік, Алматы әуежайының қызметкерін қарулы ер адамнан құтқарып қалған Мұса Әбдірайым қазақстандықтардың айыптауына жауап берген еді.

    “Бұл оқиға туралы әркім әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі шексіз алғысын жеткізсе, енді бірі сынап, жағымсыз сөздер айтып отыр. Алла бәрін көріп тұр. Көптің аузына қақпақ бола алмайсың. Кім не айтқысы келсе, соны айтсын», –деді Мұса Әбдірайым.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →