Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде

    Кейбір қазақстандықтар үшін МӘМС жарнасы өседі

    Кейбір қазақстандықтар үшін МӘМС жарнасы өседі

    Депутат Асхат Аймағамбетов 12 наурызда Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар төлеу үшін табыстың жоғарғы шегін ұлғайту ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Асхат Аймағамбетов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша қорытындыны дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ол заң жобасының мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

    “Біріншіден, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакетін 2027 жылға қарай екі есе, яғни 57-32%-ға дейін қысқарту, сәйкесінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін 68%-ға дейін ұлғайту, екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер тарапынан МӘМС жарналары үшін төленетін табыстың жоғары шегін 10 есе ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін арттыру, үшіншіден жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық деңгейге жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеу көзделіп отыр”, – деді депутат.

    Комитет заң жобасын жұмысқа қабылдауға және оған қорытынды әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →