Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    СҚО-да құмар ойынға салынған мемлекеттік қызметкерлер жұмысынан босатылды

    СҚО-да құмар ойынға салынған мемлекеттік қызметкерлер жұмысынан босатылды

    Былтыр шілдеде Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы» заңына толықтырулар енгізіліп, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынған болатын, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары тексеріс жүргізіп, осындай фактілерді анықтады.

    Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы «1XBET» букмекерлік кеңсесінде жүйелі түрде бәс тіккен.

    Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандары да осындай бұзушылыққа жол берген.

    Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған лауазымды адамдар жұмыстан босатылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →