Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Астанада сырғанақ теуіп жүрген баланы көлік басып кетті

    Астанада сырғанақ теуіп жүрген баланы көлік басып кетті

    Аталған оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ведомствоның мәліметінше, оқиға 10 наурыз күні сағат 16:45 шамасында Аманжол Бөлекпаев көшесіндегі үйдің ауласында болған. Мәліметтерге сенсек, бейнебақылау камераларындағы кадрларда баланың биіктіктен үй аулалары арасындағы жолға сырғанап түскені және оны көлік қағып кеткені көрінеді.

    «Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі сол сәтте пандустан сырғанап келе жатқан баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 жастағы бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Кәмелетке толмаған баланы қағып кету дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Астана полициясы жүргізушілерді аула аумақтарында барынша мұқият болуға және жылдамдық режимін сақтауға шақырды.

    Сонымен қатар ата-аналарға балалардың жүріс-тұрысын бақылап, оларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіруді, аула мен жол бойында ойнаудың қауіптілігін еске салуды сұрады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →