Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

«Жасыл аймақтың» экс-басшысы сотталды

«Жасыл аймақтың» экс-басшысы сотталды

Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы «Жасыл аймақ» КММ бұрынғы басшысы И. Бегасиловқа, оның орынбасары А. Ерназаровқа, КММ заңгері М. Айнабековаға және кәсіпкер И. Муслимовқа қатысты үкім шығарды.

Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», – делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.

Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика