Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды •

    Садраддиннің концертінде жастар бір-бірін таптап, 15 шақты адам талып қалды

    Садраддиннің концертінде жастар бір-бірін таптап, 15 шақты адам талып қалды

    Фото: https://www.instagram.com/sadraddinn/

    Шымкентте өткен Садраддиннің концертінде халық лық толып, алаңға сыймай қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Тik Tok қолданушысы жеке парақшасында оқиғаның қалай болғанын жазды.

    “8 наурызда Садраддиннің концерті өтті. Адам өте көп болды. Бүкіл Шымкент сол жақта жүргендей. 10-15 шақты адам талып қалды. 25-30 шақты адамды жақындары іздеп жүрді. Полицей шақырдық. Толқын сияқты адамдар тербеліп тұрды. City Mall-дың ішінде де адам толы болды. Үйге кешкі 10-да бір-ақ жеттік. Садраддин үш ән айтты да, кетіп қалды. Тіпті, көрермен концертті бастан-аяқ көре алған жоқ. Ол жақтағы сұмдықта сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Тегін болғасын бүкіл халық барған”, – деп жазды желі қолданушысы.

    Өнер иесі өзі де халықты сабырға шақырып, тәртіп сақтау керегін ескерткен.

    “Сіздерден өтініш, кішкене әрі тұрсаңыздар! Артқа қарай, сахнадан түсіп тұрыңыздар! Өйткені алда кішкентай балалар отыр”, – деді әнші.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →