Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды •

    Қонаевтың әскери бөліміне телефон алып кірген үш сарбазға сот үкім шығарды (ВИДЕО)

    Қонаевтың әскери бөліміне телефон алып кірген үш сарбазға сот үкім шығарды (ВИДЕО)

    Фото: скриншот

    Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы әскери бөлімге барып, көшпелі сот отырысын өткізді. Ол әскери бөлімге телефон алып кірген үш сарбаздың ісін қараған, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Екі сарбаз Әкімшілік құқық бұзутуралы кодекстің 652-бабының 6-бөлігі бойынша тәртіп бұзды деп айыпталған.

    «2025 жылдың 11 қаңтары күні сағат 14:00 де екі сарбаз әскери бөлімше аумағына өздерінің мобильді смартфондарын жасырын түрде кіргізіп, жеке мақсатта пайдаланған. Сол арқылы олар әскери бөлімінің командирінің «Әскери бөлімнің аумағында жеке пайдалануға арналған техникалық құралдарды қолдану ережелерін бекіту» туралы №865 бұйрығын орындамаған», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

    Бүкіл қатарластары мен басшылығының алдында істері қаралған екі сарбаз кінәларын толық мойындаған, бұйрықты орындамағанын растаған.

    Сот істі қара келе екі сарбаздың әрқайсысын 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын кескен. Қаулы заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →