Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Грузияда жаппай электр қуаты өшіп, қалпына келтіру басталды Нұрай Серікбайді өлтіру ісі: Шерхан Аймахан алғаш рет сот алдына келді Жасұлан Базарбаев қыз туған аналарды кінәлауды доғаруға шақырды Қарағандыда супермаркеттегі оқиға: 16 адам полицияға жеткізілді Астанада өзін әскерде зорланған деп жалған таратып, алаяқтық жасаған азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды Еуропадағы ірі орман өрттері: адам өлімі мен жаппай эвакуация Грузияда жаппай электр қуаты өшіп, қалпына келтіру басталды Нұрай Серікбайді өлтіру ісі: Шерхан Аймахан алғаш рет сот алдына келді Жасұлан Базарбаев қыз туған аналарды кінәлауды доғаруға шақырды Қарағандыда супермаркеттегі оқиға: 16 адам полицияға жеткізілді Астанада өзін әскерде зорланған деп жалған таратып, алаяқтық жасаған азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды Еуропадағы ірі орман өрттері: адам өлімі мен жаппай эвакуация

    Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

    Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

    Фото: Ақорда

    Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Облыс әкімінің баяндамасынан:

    • Ислам даму банкі 135,5 миллиард теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған;
    • Түркістан қаласы мен жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр;
    • мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады;
    • жүгері-сірне зауытының құрылысы басталған;
    • Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынған;
    • биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі;
    • медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі;
    • 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

    Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →