Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді •

    Германия жаңа канцлерінің есімі белгілі болды

    Германия жаңа канцлерінің есімі белгілі болды

    Германияда парламенттік сайлаудың нәтижесі бойынша Христиан-демократиялық одақ пен Христиан-социалдық одақтың блогы жеңіске жетті. Партияны Фридрих Мерц басқарады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Сайлау комиссиясы елдегі барлық 299 сайлау округіндегі дауыстарды санап бітті.

    Фридрих Мерц басқаратын партия 28,6% дауыс жинады. Екінші орында «Германия үшін балама» партиясы орналасты – 20,8%.

    Қазіргі канцлер Олаф Шольцтің жетекшілігіндегі Социал-демократиялық партия сайлауда 16,4% дауыс жинаған.

    Төртінші орында «Жасылдар» партиясы тұр – 11,6%. Ал бестікті «Солшылдар» партиясы 8,8% қорытындылайды.

    Екі ірі партия бундестагқа өте алмады. Олар «Сара Вагенкнехт одағы» (4,9%) және Еркін демократиялық партия (4,3%).

    Болашақ канцлер Фридрих Мерц 20 сәуірге дейін жаңа үкімет құруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Олаф Шольц әріптесін жеңісімен құттықтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →