Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әкімдік кімді ақымақ қылмақ: Қарағанды тасжолында шұңқыр жамалмай, сызық сызылып кеткен «Баланы телефонға айырбастаған ана»: Алматыдағы балалар алаңында үлкен жанжал шықты Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы опат болды Семейдегі биліктің басылмаған батпағы: әкімдік халық пікіріне қашан құлақ асады? Атышулы Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты Жамбылда экология департаменті халықтың арызына құлақ аспай отыр: Әкімдік неге үнсіз? Әкімдік кімді ақымақ қылмақ: Қарағанды тасжолында шұңқыр жамалмай, сызық сызылып кеткен «Баланы телефонға айырбастаған ана»: Алматыдағы балалар алаңында үлкен жанжал шықты Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы опат болды Семейдегі биліктің басылмаған батпағы: әкімдік халық пікіріне қашан құлақ асады? Атышулы Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты Жамбылда экология департаменті халықтың арызына құлақ аспай отыр: Әкімдік неге үнсіз?

    Алматыда туған әкесі 12 жастағы қызын бір жыл бойы зорлап келген

    Алматыда туған әкесі 12 жастағы қызын бір жыл бойы зорлап келген

    Алматы қаласынының тұрғыны журналист Руслан Өтепбайға көмекке жүгінген, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Журналисттің сөзінше, алматылық  келіншек қызын туған әкесі зорлағанын айтқан. Бір жылдан астам уақыт туған әкесінен зәбір көрген қыздың шындығын анықтау үшін Руслан Өтепбайға сұхбат беруге келіскен.

    «Күні кеше сұмдық оқиғаға куә болдым. Алматы қаласының тұрғыны көмекке жүгінді. Айтуынша күйеуі 12 жастағы туған қызын бір жылдан бері зорлап келген. «Ақыл-есі түзу, аузына арақ алып көрмеген жолдасымнан мұндай азғындықты күтпедім»,-дейді қара жамылған әйел.
    Келіншектен жауап алған соң, күдікке ілінген азаматтың ата-анасынан, бауырынан сұхбат алдым. 42 жасар азаматтың анасы немерем әкесіне жала жауып отыр дейді. Жүрегім тілініп, екі көзім төрт болып шықтым. Толық шығарылымды таяу күндері youtube арнама жүктеймін. Ұл-қыздарымызға өте абай болайықшы!», — деді журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Алматылық тұрғын күйеуінің бұндай әрекетке баруы жұмыстағы әріптесінің сөзі әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.

    «Аптасына шамамен бір реттен болған. Ол кезде үйде болған ал мен жұмыста болғанмын. Өзім де естігенде шокта болдым. Сенер-сенесімді білмедім. Бір жерде жұмыс істеген. Сол кезде орыс кісі болыпты. Сол айтады екен, қызыңды бірінші күйеуге бермей тұрып өзің қыздығын алу керек деп айтыпты», — деді қара жамылған келіншек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →