Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты •

    Шымкентте 25 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестациядан өте алмаған

    Шымкентте 25 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестациядан өте алмаған

    Қаладағы 160 мектептің 52-сі аттестациядан өте алмаған. Тест сынақтарын тапсыра алмаған мұғалімдер арасында 20-25 жылдық өтілі бар ұстаздар да бар. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Otyrar сайтына сілтеме жасап.

    «Жалпы біздің басшылыққа келгелі бері бар-жоғы 4 мектептің ғана директоры жұмыстан кетті. №106 мектеп, 43, 33 бірде-бірі қудаланған жоқ. № 33 мектепке қатысты өздеріңіз білесіздер. Ата-аналар шулап, мектеп апатты емес екендігі тәуелсіз сараптаманың қорытыныдысы анықтады. Осыдан кейін директорға шара қолдану керек пе, жоқ па? Шара көрілетін кезде директор өз еркімен жұмыстан босап кетті», — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

    Оның сөзінше, Қайнар-бұлақтағы №106, 12 шағын ауданындағы №43 мектептердің басшылары ұжымдағы келіспеушіліктер себебінен өз еркімен жұмыстан кеткен.

    Қаладағы мектептерде 37 мың мұғалім жұмыс істейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →