Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды •

    Салық кодексінің жобасын 20 ақпанға дейін Мәжілістің қарауына енгізу керек – Бектенов

    Салық кодексінің жобасын 20 ақпанға дейін Мәжілістің қарауына енгізу керек – Бектенов

    Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында салық реформасы мәселесі қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде салық реформасын кәсіпкерлермен, депутаттармен және сарапшылармен бірге егжей-тегжейлі талқылауды тапсырды», – деді Олжас Бектенов.

    Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Мәселен, биылғы 10 ақпанда «Атамекен» палатасымен және кәсіпкерлермен сараланған мөлшерлемелер, арнайы салық режимдері, ҚҚС бойынша есепке қою шегі мәселелері талқыланды.

    «Осы аптада өңірлерде кәсіпкерлердің, мәслихат депутаттары мен сарапшылардың қатысуымен талқылауды жалғастыру керек. Олармен “кері байланыс” орнатып, барлық ұсыныстарды ескеру қажет.

    Мен де Астанада және өңірге барып, бизнес өкілдерімен кездесемін.

    Талқылаулардың және қажетті келісу рәсімдерінің қорытындысы бойынша Салық кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобасына түзетулерді 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізу керек», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Бүгіннен бастап Үкімет бастамаларын өңірлердегі бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен талқылайтын алты жұмыс тобы өз жұмысын бастайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →