Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қауіп пен өзгерістерді алдын ала анықтайды: Қазақмыс «Жомарт» кенішінде цифрлық мониторинг жүйесін енгізіп жатыр ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады Қауіп пен өзгерістерді алдын ала анықтайды: Қазақмыс «Жомарт» кенішінде цифрлық мониторинг жүйесін енгізіп жатыр ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

1,8 мың мұғалім: Қостанай облысының әкімдігі ұстаздарды қанап, іссапардың ақшасын өздеріне шығартқан

1,8 мың мұғалім: Қостанай облысының әкімдігі ұстаздарды қанап, іссапардың ақшасын өздеріне шығартқан

Прокуратура Қостанай облыстық Білім басқармасының заңсыз әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today.

Қостанай облысының әкімдігі мыңдаған ұстаздардың құқығын бұзып келген. Облыстағы заңсыздықтарды анықтаған прокуратура мыңдаған мұғалім өздеріне тиесілі қаражатты алмай келгенін хабарлады. Білім беру саласы қызметкерлерінің конституциялық құқықтары бұзылған. Қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жеткенде кепілдендірілген өтемақы және іссапар шығындары төленбеген.

«Жұмыстан босату туралы бұйрықтарда зейнеткерлік жасқа толуына байланысты шартты бұзу туралы көрсетілмей, еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша немесе қызметкердің өтініші бойынша бұзылғаны атап өтілді. Барлығы 350 қызметкер анықталды, оларға 38 миллион теңгеден астам өтемақы төленбеген.

Сонымен қатар, білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтарға іссапар шығындарының төленбегені анықталды. Конституциялық құқықтары бұзылған және оларға 185 миллион теңгеден артық төленбеген 1,8 мыңнан астам педагог анықталды», — делінген хабарламада.

Қадағалау актілері бойынша 60 миллион теңгеден астам сомаға төлемдер жүргізілген 405 мұғалімнің құқықтары қорғалды. Қалған қызметкерлерге төлемдер жақын арада аударылмақ.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика